$ 444.32  473.33  4.76

Бүлдiршiндер қуанышқа бөледi

Шымкент қаласындағы «Қуаныш әлемi» балабақшасы «Балапан» бағдарламасы аясында 2012 жылы пайдалануға берiлген. Қазiр мұнда 200 бүлдiршiн тәрбиеленуде. Балабақша бүгiнде әртүрлi қызықты iс-шаралардың орталығына айналған. Соның бiрi — «Тәуелсiз ел тарихы» атты тағлымға толы тәрбие сағаты.

Бiр ерекшелiгi, аталмыш iс-шараға ата-аналар да қатысып, тарихи тұлғалардың рөлдерiн шынайы түрде ойнады. Мысалы, осы балабақшаға немересiн әкелетiн Қасым ақсақал Қаз дауысты Қазыбек бидiң рөлiн тамаша сомдап, бүлдiршiндердi шат-шадыман қуанышқа бөледi. Тәрбиеленушiлер мұнан бөлек Тұңғыш Президент, мемлекеттiк рәмiздер жөнiнде өздерiне қойылған сұрақтарға нақпа-нақ жауап берiп, тәнтi еттi.

Жас өнерпаздардың орындауындағы «Қара жорға», «Ромашка», испан билерi өзiндiк нақышымен қатысушылар мен ата-аналар қауымын бiр серпiлтiп тастады. Соңынан ортаға символдық шаңырақ әкелiнiп, бүлдiршiндердiң оны айналып билеуi де тамаша әсерге бөледi.

– «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демеушi ме едi? Рауана Кентайбекқызы, Меруерт Әдешбаева, Замира Баймұрзаева, Жанар Әбдiрайымова нағыз өз iсiнiң шеберлерi, – дейдi балабақша меңгерушiсi, жоғары санатты ұстаз Фарида Байтекова.

Айта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ОҚО мен Шымкенттің барлық балабақшалары мен мектептерінде, колледждері мен жоғары оқу орынарында мерекелік іс-шаралар легі ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары