$ 474.72  515.17  5.58

Жеңістер жалғасады

Шымкент медицина колледжi Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау мекемелерi үшiн бiлiктi мамандар даярлап келедi. Бүгiнде өңiрдiң қай түкпiрiне барсаңыз да ауруханалар мен емханалардан аталмыш оқу орнының түлектерiн кездестiресiз.

Колледж ұжымы сапалы кадрлар даярлаумен қатар, түлектерiнiң жан-жақты бiлiмдi болып өсуiне де ұдайы көңiл бөледi. Сондықтан медицина колледжiнде түрлi мәдени-көпшiлiк iс-шаралар жиi өтедi. Айталық, колледж әкiмшiлiгi «Туған жерге тағзым» акциясы аясында және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкент қаласындағы 25 тарихи орынға саяхат ұйымдастырды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң ұйымдастыруымен Алматы облысында «Мәңгiлiк Ел: Қазақстан болашағы» атты республикалық байқау өтiп, колледж командасы екi аталым бойынша жеңiмпаз болып оралды. Атап айтқанда, «Мемлекеттiк тiлдi дамытуға үлес қосқан үздiк денсаулық сақтау ұйымы» номинациясын иелендi. Ал, Б.Ташкенбаева, Г.Дәрiбаева, А.Мұсылманқұлова «Денсаулық сақтау саласындағы үздiк тiл маманы» аталымы бойынша марапатталды.

Облыстық бiлiм басқармасының әдiстемелiк кабинетi Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай спартакиада өткiздi. Осы жарысқа қатысқан колледждiң оқытушылар командасы бiрiншi орынды жеңiп алды. Ал, оқытушы Д.Аштарханов үстел теннисiнен үшiншi орын иегерi атанды.

Шымкент қалалық әкiмдiгi тiлдердi оқыту орталығы «Мемлекеттiк тiл – тәуелсiздiк тiрегi» атты форум ұйымдастырып, студент Р.Якимиди «Тәуелсiздiк – тұғырым» тақырыбында эссе жазып, үшiншi орынды еншiлесе, В.Минина, Э.Ермолаева Алғыс хаттармен марапатталды.

Табыстар мен жеңiстер мұнымен де шектелмейдi. Колледж ұжымы мен болашақ адам жанының арашашылары бұдан да биiк межелердi бағындыруды мұрат тұтып отыр.

«Оңтүстік Қазақстан».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары