$ 448.89  477.93  4.76

Жастар қарттарға құрмет көрсетті

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы Шымкент экономикалық колледжінің студенттері «Мерей» ардагерлер үйіне арнайы барып, концерт өткізді. Өнерлерін ортаға салған жастарды қарттар құрметпен қарсы алды. Айтулы мерекелік шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр деп жазады Otyrar.kz.

Бұл жастар өз өнерлері арқылы мұндағы қарттарды қуанышқа бөлемек. Бір сәт көңілдерін сергітіп, мереке қарсаңында ардагерлерге сый жасады. Талантты жастардың қабілеті риза болған аға буын өкілдері жастарға алғысын білдіруде.

Ардагерлер үйіне жиналған жастар бұл кешті жай ғана өткізіп қойған жоқ. Олар әр қарияның көңіліне қуаныш сыйлағысы келді. Бұл мақсаттары орындалды десек те болады. Өйткені қарттар концертті тамашалап қана қоймай, ортада жастармен қатар би биледі.

Айта кетейік, ардагерлерге концерт ұйымдастырғандар — Шымкент экономикалық колледжінің студенттері. Бұл ынталы жастар мұндай шығармашылық кештерін енді балалар үйінде де өткізбек.

Жалпы, мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында қайырымды игі істер өте көп ұйымдастырылды. Мәселен, Төлеби ауданында мүгедек жандарға арнап өткізілген бос орындар жәрмеңкесі мүмкіндігі шектеулі бірнеше жанға тұрақты жұмыс тауып берсе, шымкенттік шенеуніктер жергілікті тұрғындарға қысқы отынын тегін таратып берді. Қаладағы кесілген ағаштарды бұтап, отын етіп дайындаған әкімдік қызметкерлері оны үйінде көгілдір отыны жоқ мұқтаж жандарға еш ақысыз таратты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары