$ 444.32  473.33  4.76

Тәуелсіздік жылдары ОҚО-да жұмыссыздар санының едәуір азайғаны байқалды

Тәуелсіздіктің 25 жылында Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамтылған халықтың саны артып, жұмыссыздардың саны және жұмыссыздық деңгейі төмендеуі байқалып отыр.

Мәселен, 2009 жылғы жұмыссыздардың саны 75 мың адамнан бүгінгі күнге 62,1 мың адамға, жұмыссыздық деңгейі 6,6 пайыздан 5,1 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайыздан 3,5 пайызға дейін төмендеген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2011 жылдан бастап инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік даярлау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

2011-2016 жылдары республикалық бюджеттен 71,0 млрд. теңге бөлініп, 244,6 мың адаммен әлеуметтік келісімшарттар түзілді. Нәтижесінде 6,2 мың адамға шағын несиелеуге, 20,3 мың адам кәсіби оқуға жолданып, мамандық алуына, 206,6 мың адамның тұрақты жұмысқа орналасып, табысын арттыруына мүмкіндіктер туды.

2016 жылы өнімді жұмыспен қамту мақсатында облыста кешенді жоспар қабылданып, бүгінгі таңда 62 032 азаматқа әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды (жылдық жоспардың 108,4% құрады). Оның ішінде: өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны 22 078 адам (жылдық жоспардың 126,7% құрады); жұмыссыздар – 39 354 адам (жылдық жоспардың 99,2% құрады); аз қамтамасыз етілгендер – 5 481 адам (жылдық жоспардың 121,8% құрады).

Сонымен қатар, әлемде жүріп жатқан экономикалық дағдарыстың алдын алу бағытында мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде және индустриалды аймақтарда жаңа жұмыс орындары ашылуда 2014-2016 жылдары 136,6 мың жаңа жұмыс орыны ашылып, 30,8 мың жұмыссыз жүрген азамат жұмыспен қамтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары