$ 448.89  477.93  4.76

ОҚО-да тәуелсіздік жылдары жүзеге асқан инвестициялық жобалар

«ҮИИД» мемлкеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеу саласында жалпы құны 18,7 млрд. тг. құрайтын 38 инвестициялық жоба іске асырылды. Бүгінгі күні облыста қайта өңдеу саласында 198 кәсіпорын бар. Олардың 27 ірі кәсіпорын санатына жатады. Сонымен қатар, салада ірі жобалар іске асырылуда.

Ағымдағы жылы жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд. тг құрайтын «Шымкент Май» ЖШС өндірісін арттыру жобасы аяқталды. «Ak Kazyna» ЖШС (18,7 млрд.тг) жылдық қуаттылығы 20,0 мың тн құс етін өндіру жобасын іске асыру жұмыстары басталды. «Ордабасы Құс» ЖШС-нің үндік етін өндіру қуаттылығын жылына 25,0 мың тн. жеткізу бойынша келісімге қол қойылды. Бүгінгі күні жобаның жылдық қуаттылығы 8,0 мың тн құрайды.

Жалпы құны 4,2 млрд. тг. Құрайтын биохимиялық тыңайтқыштар өндіру зауытының құрылысы бойынша келісімге қол жеткізіліп отыр («Lotus organik» ЖШС).

Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші рет халықаралық стандарттарға сәйкес «Қайып ата» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 10,0 мың тн дейінгі ет өнімдерін өңдеу комбинаты іске қосылды.

КХР инвесторларының қатысуымен Түркістан қаласында жалпы құны 5,7 млрд. тг. құрайтын түйе сүтін өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Сонымен қатар, Иран және Араб әмірлігі инвесторларының қатысуымен қуаттылығы 25,0 мың ІҚМ бордақылау және ет өңдеу зауыты жобасын іске асыру бойынша келісімге қол жеткізілді.

Инвестция көлемі 21,6 млрд. тг құрайтын көкөніс өнімдерін өңдеу зауыты жобасын шетел инвесторларымен бірлесіп іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы географикалық тұрғыдан тиімді жерде орналасқан. Осы тиімділікті пайдалана отырып, облыстың басты мақсатының бірі өңірдің транспорттық логистикалық әлеуетін дамыту болып табылады.

Транспорттық-логистикалық орталықтардың құрылысы 60% нарықтық қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Транспорттық-логистикалық орталықтарында географикалық орналасуы аудандардың дәстүрлі қалыптасқан кәсіпкерлер қызметіне және мамандандырылуына байланысты анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары