$ 482.86  533.17  5.08

«42 жылда әйелімді бір рет оятып, шай қой деген емеспін»: Дос Көшім әйел теңдігі туралы ойын айтты

Одан да жарты сағат болса да, ұйықтай тұрсын деймін.
Видеодан кадр: QazaqstanTV
Видеодан кадр: QazaqstanTV

Ұлт тағдыры қозғалысының төрағасы Дос Көшім Қазақстанда әйел теңдігі мәселесіне қатысты пікір білдірді. "Ашық алаң" бағдарламасында қонақ болған саясаткер елде ер мен әйел құқығы тең екенін айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол өз сөзіне дәлел ретінде әйелімен қарым-қатынасын мысалға келтіріп өтті.

"Гендерлік теңсіздік туралы сөз болса, қазақтың бүкіл өмір салтында ер адам мен әйелді бір-бірінен төмен немесе жоғары қоймайды.

42 жыл бірге өмір сүрдік, әйелімді бір оятып, шай қой деген адам емеспін. Демалып алсын деп ойлаймын. Ал біреулер "Тұр шай қой, мен кетіп бара жатырмын" десе, сол жігітті жек көріп кетемін. Одан да жарты сағат болса да, ұйықтай тұрсын деймін. Өйткені бұл - мен, әр адамның өз ойы, түсінігі бар. Әйеліңді аяйсың. Иә, оның түсінігі сол шығар. Бірақ оны мен өз мойныма алғым келеді. Менің ойымша, бұл әр адамның өзін ұстауы, әйелді құрметтеуі туралы ұстанымына байланысты. Бұның бәрі қазақтың салтында, өмірінде бар. Керек десеңіз, мұсылмандықта да бар", - дейді саясаткер.

Саясаткердің айтуынша, әйел теңдігіне қатысты мәселеден гөрі батыс елдеріндегі алимент төлеуге қатысты заң нормаларын отандық тәжірибеге енгізуге болады.

"Менің Германияда бір жолдасым бар. Сол әйелімен ажырасты. Оның айтуынша, заңының қатаңдығы сонша, өмір бойы табысының кемінде 50-60 пайызын ажырасқан әйеліне беріп келеді екен. Осылайша оларда ажырасу өте қиын. Олар отбасын сақтап қалуға тырысады. Осындай нәрселерді алу керек, теңестіру керек", - дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары