Қытайдағы қазақ баланың «Ел қайда» әнін орындағаны туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды. Ерекше әсерлі ән желі қолданушыларын еріксіз жылатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Видеодан Нұртас есімді мектеп оқушысы сыныптастарының ортасында отырып ән салғанын көруге болады.
«Ел қайда? Елім қайда? Жерім қайда? Ешбір жан сұрамайды-ау, жыламайды», - деп басталатын ән еріксіз көзге жас келтіреді.
«Akhmediyar» YouTube каналында жарияланған видеоға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Шырылдап, елін іздеген жүрегіңнен айналайын. Аман бол, қалқам. Дәм тартса, ата жұртыңа да келерсің», «Айналайын-ай, бозторғайдай шырылдаған, қайда жүрсе де, қазағым аман болсын, нағыз қазақ, тәрбиесі, ата-анасына мың алғыс!!!», «Көзіме еріксіз жас келді, Атамекеніне орала алмай жүргені қандай өкінішті».