$ 498.34  519.72  4.85

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев ұсталды

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың бірқатар лауазымдық тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда.

"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде ("Мемлекеттік құпияларды жария ету") және 362-бабының 3-бөлімінде ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, оның барысы мен қорытындысы қосымша хабарланады екен.

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары