$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстандық полицейлер 2017 жылдан бастап "қызыл таяқтан" құтылады

2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қазақстандық полицейлер өз жұмысында "қызыл таяқтарын" пайдалануды тоқтатады деп жазады Tengrinews.kz. ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, бұдан былай жол полицейлері көшедегі көліктерді қолмен ишаралап тоқтатуы тиіс.

"Көлікті тоқтату енді тек қолмен көрсету арқылы және ысқырықтың көмегімен, сондай-ақ, патрульдік полиция көлігіндегі арнайы дыбыстық және жарықтық құрылғылармен тоқтатылады", - деді Сәдубаев.

Мұндай тәжірибені қазақстандық полицейлер Еуропаның бірқатар елдерінен иемденіп отыр екен.

"ҚР ІІМ-нің құқық қорғау органдарын жаңғырту аясында шетелдегі жол қауіпсіздік қызметінің тәжірибелері зерттелді. Мәселен, Еуропаның бірқатар елінде полицейлер таяқшаны мүлдем қолданбайды. Осы халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көлікті тоқтатуда таяқша пайдаланбайды. Жол ережесін бұзу деректері видеокамералар, видеотіркеуіштер арқылы анықталатын болады", - деді Алмас Сәдубаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары