$ 447.4  477.55  4.76

БҚО-да мектеп оқушысы асылып қалды

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жеткіншек асылып қалды. Қайғылы оқиға Ақжайық ауданындағы Чапаев ауылында орын алған деп жазады "Мой Город" ақпараттық порталы.

Оқиға болған сәтте үйде баланың ата-анасы болмаған. Жеткіншек жалғыз өзі есік алдында қар тазалап жүрген екен. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін әпкесі оның асылып қалған денесін тапқан.

"Ол аулаға қар тазалауға шығып кеткен. Ал, кешке әпкесі терезеден інісінің асылып қалғанын көріпті. Ол дереу ата-анасына, кейін учаскелік полицияға хабар беріпті", - дейді аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев.

Айта кетейік, 10 сыныпта оқитын баланың әкесі полицияда жұмыс істейді. Анықталғандай, марқұм бала ешкіммен ұрыспаған және төбелеспеген. Мектептегі үлгерімі де өте жақсы болған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары