$ 498.51  522.84  4.81

Шаханда құлаған үйдің пеш жағушысына іздеу жарияланды

Апат болған күні кезекшілікте болған пеш жағушыға іздеу жарияланғаны туралы Шахтинск қаласының әкімі журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

"Бар білетінім, қазіргі таңда бұл адам табылған жоқ, оны іздеу шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов.

Ал, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков болса облыстағы барлық көпқабатты үйдің жертөлесіндегі қазандықтарды тексеруге тапсырма берді.

Естеріңізге салайық, Шахтинск қаласының іргесіндегі Шахан елдімекенінде 1 қаңтар күні көпқабатты үйлердің бірі опырылып құлаған болатын. Апат салдарынан 9 адам қаза тапты. Олардың үшеуі кішкентай бала. Тағы екі адамды құтқарушылар қирандылар астынан құтқарып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары