$ 498.51  522.84  4.81

Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақыларын Шаханда қайтыс болғандардың отбасыларына аударады

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары бір күндік айлық-жалақыларын Шахандағы апат құрбандары мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек ретінде аударатын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгін - 4 қаңтарда Палата бюросы мәжілісмендердің бір күндік жалақыларын Қарағанды облысы Шахан ауылында орын алған апаттан зардап шеккендерге арналған Қорға аудару туралы шешім шығарған.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының әкімдігі апаттан қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден, зардап шеккендерге 500 мың теңгеден көмек беретінін хабарлаған болатын.

Естеріңізге салайық, Шахтинск қаласының іргесіндегі Шахан ауылында 1 қаңтар күні түнде көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлаған болатын. Салдарынан 9 адам қаза тапты. Тағы 2 адамды құтқарушылар қираған үйдің астынан аман алып шықты. Алдын ала болжам бойынша, ғимараттың жертөлесінде орналасқан жылу қазандығы жарылып, соның салдарынан үйдің бір бөлігі түгел опырылып түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары