$ 498.34  519.72  4.85

«Осы сәтті күттім»: Федерация президентінің басынан сүйіп алған Нұралы Әліп желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Вороговскийдың пасы, Айымбетовтың басы, Данияның көз жасы...
Фото: Видеодан кадр: Instagram/Қазақстанның футбол федерациясы
Фото: Видеодан кадр: Instagram/Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы "Астана" аренада Даниядан басым түсіп, сенсация жасағаны белгілі. Матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде жеңісті атап өткен отандық футболшылардың әрекеті желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасы жеңістен кейінгі құрама ойыншыларының қуанышы бейнеленген роликті жариялады. Видеодан футболшылардың киім ауыстыратын бөлмеде жеңісті тойлап, Нұралы Әліптің Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың басынан сүйгенін аңғаруға болады. Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазып, бұл сәттің "дәстүрге" айналғанын жеткізген.

"Вороговскийдың пасы, Айымбетовтың басы, Данияның көз жасы", "Осындай күндер көп болсыншы", "Жеңіс ұзағынан сүйіндірсін", "Тарихта қалатын ойын болды", "Осы сәтті күткен едім", "Нұралы Әліп осылай жиі сүйіп тұрсын, жеңісті күндер көп болсын", "Бәрі де жарасып тұр. Жігіттер лайықты ойын көрсетті", - деді олар.

Айта кетейік, бұған дейін де киім ауыстыратын бөлмеде Нұралы Әліп Әділет Барменқұловтың басынан сүйген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары