$ 481.84  531.33  5.07

«Полицейлер жібермей қойды»: Атырауда шалбарына дәрет сындырған блогер қамауға алынды (ВИДЕО)

Полиция мені бір сағаттай эвакуатор күтуге мәжбүр етті.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Атырауда блогер полицейлердің көзінше дәрет сындырған, осы әрекеті үшін бес тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 21 наурыз күні қалалық полиция бөлімінің маңында болған. Тәртіп сақшылары блогер Қадырбай Мұханбетжанның көлігін әйнектері қараңғыланған деген негізде тоқтатқан. Тексеру барысында бұл факт расталмады, бірақ жүргізуші басқа заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды.

"Менде сақтандыру полисі және техникалық байқаудан өту құжаты болмады, себебі бұл көлік әкеме сатып алынған, мен құжаттарды ретке келтіруді ұмытып кетіппін. Бұл мені жауапкершіліктен босатпайды, мойындаймын. Толтырылған хаттамалармен келісіп, бір апта ішінде 50 пайыз жеңілдікпен айыппұлды төлеуге келісім бердім. Бірақ мені тағы бір нәрсе ашуландырды: полиция мені бір сағаттай эвакуатор күтуге мәжбүр етті. Осы уақыт ішінде мен әжетханаға барғым келді. Олар мені жібермей қойды, кетсем, бап бойынша қамауға алар еді. Мен оларға жалынуға мәжбүр болдым. Бірақ олар мүлде немқұрайдық танытты, жанашырлық танытпады.

Эвакуаторды жарты сағат күткен соң, мен олардың біреуін менімен жақын маңдағы қонақүйге баруға көндірдім. Бірақ ғимаратта ешкім болмады, ол жерден кетіп қалдық. Содан кейін біз көлікке оралдық, бірақ әлі эвакуатор келмепті. Сосын мен олардан қызметтік көлігімен полиция бөлімшесіне жеткізуді өтіндім. Олар бас тартты. Содан шыдай алмай, шалбарыма сидім. Дәлел ретінде белбеуімді шешіп, оларға көрсеттім. Сол үшін бес тәулікке қамауға алындым", - деді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары