Интернетте оқу орны алдында келінін күткен ене әрекеті қызу талқыға түсті. Тіпті әйелдің қолында кішкентай сәби бар деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан қолына кішкентай сәбиді көтерген әйелді байқайсыз. Ол баланы тыныштандыру үшін аулада арлы-берлі теңселіп жүр.
"Келіні сабақтан шыққанын күтіп тұрған ене. Қазір келінін қызындай көретін енелер бар ма", - делінген бейнежазбаға.
Десе де бұл видеоға жазылған пікір көп. Басым бөлігі бала жылаған соң амалсыз барған ғой дегенді жазса, енді өзгелері ененің әрекетіне сүйсінген.