$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ қыздарын қытайлық жігіттерге күйеуге бермек болған неке агенттігі шабуылға ұшырады

Астанада ондаған ер азамат Республика даңғылының бойында орналасқан неке агенттігінің ғимаратына шабуыл жасады деп хабарлайды «NewTimes.kz». Наразы топ шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарымызды азаматтығынан айыру керек деп есептейді.

Неке агенттігі ғимаратының алдына 30-дан астам адам жиналған. Олардың қатарында қазақ қыздарын қыйтайлықтарға күйеуге беруге қарсылық білдірген белсенділер, құқық қорғау органдарының өкілдері, тілшілер және аталған агенттіктің директоры бар.

Агенттік директоры ешкімге қыз бергелі жатқан жоқ екенін айтып ақталуда. Ол жиналған жұртқа мәселенің мән-жайын түсіндіргендей болды.

"Біз қыз сатумен айналыспаймыз. Біз отбасын құруға көмектесеміз, бізге қыздар мен әйелдер күйеу тауып бер деп жалынып келеді. Жастары келген, оларға бала табу керек. Енді осындай қазақтың жігіттері қайда? Келіңіздер, тіркеліңіздер бізге, отбасын құрыңыздар! Әйелдер амал жоқ, күйеуді шетелден іздеп жатыр. Біз жұртқа тоқал немесе жезөкше тауып беретін компания емеспіз. Бізге тіркелгісі келетін ер азаматтар ажырасқандығы туралы куәлігін көрсетуге міндетті, сонда ғана тіркейміз", - дейді агенттіктің директоры Татьяна Логвиненко.

Ал, белсенділер болса қазақ қыздарын қандай жағдай болмасын қытайлықтарға беруге болмайтынын ескертті.

"Біз қазақ қыздарын сатуға қарсымыз. Алдымен 20 ер азаматы келер, оның артынан бірақ тағы 20 мыңы келеді. Сіз біздің дәстүрімізді де, тілімізді де білмейсіз. 40 жылдан бері Қазақстанда тұрып келесіз, бірақ қазақтардың дәстүрінен мүлдем бейхабарсыз", - деп айыптады белсенді Сәуле Сейдалина агенттіктің директорын.

"Мейлі, күйеуге шыға берсін, бақытты болсын! Бірақ, оларды азаматтығынан айыруымыз қажет, өз күйеулері қай елден сол елдің азаматтығын қабылдауы керек", - дейді Айдын Айымбетов.

Жиын соңы айқай-шуға ұласты. Қос тарап бірін-бірі кінәлап әлек. Белсенділер агенттік директорын қазақ салты мен тілін білмейді деп айыптаса, Т.Логвиненко жиналғандарды нацист деп қаралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары