$ 498.34  519.72  4.85

Астанада уақытша тіркеуі жоқ науқас бала отбасымен далада қалды

Астанада пәтерін жалға беруші екі баласы бар ананы уақытша тіркей алмағаны үшін пәтерден шығарып жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

"Жалға берушілер мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер кезегінде тұрғанын айтып, пәтерді өз аттарына аудара алмайтынын және уақытша тіркеуге қоя алмайтынын айтты. Ол бізге 24 қаңтарға дейін уақыт берді, алайда біз ол уақытқа дейін бізге ыңғайлы пәтер таба алмайтын сияқтымыз", - деді Ботагөз Сұлтанова.

Отбасындағы үлкені - алты жастағы Адиль - онкологиялық ауруға шалдыққан. Оның жақында инфекция жұқтырып, бір көзі көрмей қалған. 

"Адиль 2013 жылы аурып бастады. Оның шет елдегі еміне біз  көлігіміз бен менің атыма тіркелген жатақханадағы бөлмемізді саттық. Қазір күйеуім мен балам "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған бағдарлама" бойынша кезекте тұр. Осыған және баламның ауруына байланысты бізге бір жерде тұрақты тіркеуде болу қажет", - деп түсіндірді Ботагөз.

Басылымның мәліметінше, астаналық тұрғын жұмыс істей алмайды, себебі балаларына қарауы тиіс: Адильдің мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін зейнетақы мен жәрдемақысы 52 мың теңгені құрайды, сонымен қатар пәтердің ақшасы мен бес жастағы Адиннің балабақшасына ақша төлеу қажет. Үйде тек күйеуім ғана жұмыс істейді".

Осы орайда Ботагөз астаналықтардан көмек сұрады. Facebook желісінде оның үндеуін Лаура Түсіпбекова өз парақшасында жариялады.

"Бізге Астанадан бір бөлмелі пәтер қажет, ұзақ мерзімге, міндетті түрде уақытша тіркелу қажет, шамамен 70 мың теңге + коммуналдық төлемдер. Ең бастысы - құрғақ болғаны. Адиль ылғалды жерде тұруға болмайды. Мүмкін болса, агроқалашық, вокзал аудандарында, Герцен көшесі көліктер көп қатынайтын жерде болса дұрыс болар еді, себебі көлігіміз жоқ", - дейді Ботагөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары