Қоғам 13.01.2017 сағат 03:13

Сот Қуандық Бишімбаевті қамауға алу туралы шешім шығарды

Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты экс-министр Қуандық Бишімбаевты қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлттық экономика экс-министрі бірнеше рет аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 10 қаңтар күні ұсталған болатын. Жемқорлық жолымен иемденген ақшаларын ол жеке басының қажеттілігі үшін жұмсаған дейді тергеушілер. Қазір экс-министр Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысында.

Бишімбаевтың "Бәйтерек" ісіне қатысы бар екені 2016 жылдың соңында белгілі болған еді. Ол сол кезде, яғни 27 желтоқсанда министр қызметінен босатылды. Министр болғанға дейін Қуандық Уәлиханұлы "Бәйтерек" холдингін басқарған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар