$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде "сақалдылар" полицейлермен атысты, адам шығыны бар - БАҚ

Ақтөбедегі Богословка трассасында атыс орын алды деп жазады Nur.kz. Салдарынан бір адам қаза тапқан.

Оқиға кеше түнде орын алыпты. Богословка ауылына баратын жолда полицейлер күдікті көлікті тоқтатып, тексеріп көрмек болған. Сол сәтте көлік ішінде отырған жолаушылардың бірі тәртіп сақшысына қарата оқ атқан.

Ресми емес мәліметке сүйенсек, көлікте болғандардың бәрі дәстүрлі емес ислам бағытын ұстанушылар көрінеді. Салдарынан түні бойы полицейлер арнайы жасақпен бірігіп күдіктілерді ұстау операциясын жүргізген. Осы операция барысында көлікті болған жолаушылардың біріне оқ тиіп, алған жарақаты салдарынан ол қаза тауыпты.

Әзірге күдіктілердің қанша адам екені анықталып жатыр. Бұл жағдайға байланысты облыстың ішкі істер департаменті бүгін брифинг өткізіп, мән-жайды айтуды жоспарлауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары