11.04.2023, 15:20

«Шоқпардай ұл туып бергенің үшін»: қос келініне алтын сақина таққан ене көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/sulu_kelin_kz
Келіннің қадірін білген адам.

Әлеуметтік желіде келіндеріне ұл немере сыйлағаны үшін алтын таққан ененің видеосы тарады. Әйелдің бұл ісі көпшілікті сүйсінткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео sulu_kelin_kz Instagram парақшасында пайда болды. Видеода дастархан басында отырған әйелдің келінін шақырып, қолына алтын сақина таққанын байқауға болады.

"Маған шоқпардай ұл туып бергенің үшін. Рахмет, жаным! Қолыңа тағайын. Мен саған үлкендеуін алдым. Құтты болсын", - дейді қос келініне сақина таққан ене.

Ал желі қолданушылары әйелдің бұл ісіне сүйсініп, жылы лебізін білдіруде.

"Бұйырса, болашақта мен де осындай ене боламын", "Қандай керемет", "Үш ұлды дүниеге әкелсем де, бір алтын таққан емес маған. Өзім ене болғанда, келіндеріме алтын тағамын", "Алтын деген арман ғой", "Келіннің қадірін білген адамды айтсайшы", "Енемнен сыйлық алып көрмеппін", "Қандай бақытты", "Немерелерінің қызығын көрсін", - деп жазды желідегілер.