$ 498.34  519.72  4.85

Танымал тележүргізушінің үйіне түнгі 2-де полицейлер келіп, уақытша тіркеуі туралы сұраған (ВИДЕО)

Астанада тұратын танымал тележүргізуші Сандуғаш Сұлтан полицейлердің түнгі 2 жарым шамасында үйіне келіп, уақытша тіркеуден өткен-өтпегендігін сұрағандығын айтып шағымданды. Бұл туралы ол Tengrinews.kz порталына мәлімдеген.

"Мен отбасыммен үйде едім, бәріміз ұйқыда болатынбыз. Түнгі сағат 2:24-те есікті біреу қақты. Мен шұғыл бір жағдай болып, көршілер кеп тұрған шығар деп ойладым. Сөйтсем полиция қызметкерлері екен, менің тіркеуде бар-жоғымды білуге келіпті. Мен әрине, оларға есікті ашқаным жоқ", - дейді тележурналист тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, көпқабатты үйде жалға берілетін пәтерлер жоқ. Ал, көршілер тарапынан ешкімнің полицияға шағым айтуы мүмкін емес көрінеді. "Біз шуламаймыз, тыныш өмір сүреміз, біреудің шағым айтуы мүмкін емес. Тәртіп сақшыларының түнде келуі түсініксіз. Күндіз келсе де есікті ашпас едім", - дейді ол.

Ал, полицейлер болса астаналықтардың тіркеуде бар-жоғын тексемегенін айтып ақталды.

"Астанада уақытша тіркеуге байланысты ешқандай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ. Учаскелік полицейлер мұндай түнгі уақытта тек тәртіп бұзылған жағдайда ғана келеді. Мысалы түнгі 23:00-ден кейін шу болса көршілері шағымданады. Ал, себепсіз келмейді. Қазір ешқандай рейдтік шаралар жүріп жатқан жоқ", - дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Колышбекова. Ол сондай-ақ, Сандуғаш Сұлтанның шағымы бойынша мән-жайды анықтауға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары