$ 498.34  519.72  4.85

Таразда Жұма намазына келген жамағат полицейлермен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)

Таразда Жұма намазын оқу үшін мешітке келгендер полицейлермен ерегісіп, төбелесіп қала жаздады деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиғаның куәгерлері болған жайтты бейнекамераға түсіріп алған. Видеокадрлардан Тараз тұрғындарының полиция әрекетіне наразылық білдіріп жатқанын анық байқауға болады. Олар жол сақшыларын қоршап алып, көліктерінің мемлекеттік номерлерін қайтаруды талап етуде. Аталған жайт Төлеби көшесінің бойындағы орталық мешіттің алдында орын алған. Қазір полицейлер видеоматериалды тексеріп жатыр.

"Тараздың орталық мешіті қаладағы орталық көшелердің бірінде орналасқан. Оның алдындағы жол төрт жолақтан тұрады: екеуі бір жаққа, екеуі екінші жаққа қарай бағытталған. Жұма намазы уақытында тұрғындар жол ережесін бұзып, өз көліктерін осы жолдың бойына тастап кетеді. Салдарынан көшеде көлік кептелісі орын алады. Біз жүргізушілерді бірнеше рет ескерттік. Жауапкершілікке тартылатынын айттық. Мешіт маңында көлік тұрағы бар, олар көліктерін сол орындарға апарып қоюларына болады", - дейді Тараз қалалық ІІБ батальон командирінің орынбасары Уәлихан Сексенбаев.

Оның айтуынша, жамағаттың наразылығын тудырып алмас үшін бұл жолы да полицейлер оларға кешіріммен қарап, тек ескертумен шектеліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео