$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы ХҚКО-да қайтыс болған ер азаматтың кім екені анықталды

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығында ер азаматтың қайтыс болғанын растады. Марқұмның жасы 53-те болыпты деп жазады «NewTimes.kz».

«16 қаңтар күні Алматының Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 1964 жылы туған азаматтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз», — делінген аталған корпорация таратқан хабарламада.

Анықталғандай, бүгін таңертеңгі сағат 09:30 шамасында ер азамат ХҚКО-ға мекен-жайы бойынша тіркеуге тұруға келіпті. Оның жанында әйелі болған.

«Ол кезде ХҚКО-да кезек көп болмаған. Кезектің электронды талонын алып үлгермей жатып 09:42-де ер азамат өзін нашар сезініп, нәтижесінде орталықтағы медициналық қызмет өкілдері оған жәрдем берген. Алайда, жедел жәрдем станциясы келгенше ол қайтыс болды», — дейді мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары