$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да өрт салдарынан үш қарт кісі қайтыс болды

Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда үш ірі өрт оқиғасы тіркелген деп жазады "Хабар-24". Салдарынан жастары егде тартқан үші азамат қайтыс болды.

Аягөз ауданында жеке үйдің отқа орануы 70 жастағы азаматтың қазасына себеп болды. Бұл кезде отанасы дүкенге шығып кеткен болатын, ал тұтанған жалын үйде қалған екінші топ мүгедегін ажал құштырды. Жалынның жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Ал Бесқарағай ауданындағы Қарағайлы ауылында тілсіз жау 62 жастағы ер адамның өмірін қиды. №54 өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары түгелімен от шарпыған үй иесін құтқаруға бар күшін салды, тек нәтижесіз. Алдын ала болжам бойынша өрттің тұтануына мас күйде темекі тарту себеп болған.

Ал Глубокое ауданындағы Опытное поле елді мекенінде 65 жастағы әйел адам қайтыс болды. Үй иесі жалын шарпыған пәтерінен өз күшімен шығуға тырысқан. Алайда есінен танып қалады. Өрт сөндірушілердің айтуынша, оттың лаулауына газ баллоны себеп болды. Оқыс оқиғаның орын алмауы үшін облыстық ТЖД мамандары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары