Оңтүстікте рақымшылық заңынан бас тартқан сотталушы бар. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратурада өткен рақымшылық заңының қолданылу мәселелері талқыланған дөңгелек үстелде мәлім болды деп жазады Otyrar.kz.
Рақымшылықтан бас тартқан азамат бұл әрекетін жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырудың мерзімі келгенімен түсіндірген.
Жалпы, құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, облыста 90 қылмысты іс бойынша 113 тұлға рақымшылық заңына ілініп отыр. Бүгінге дейін облыс соттары 25 қылмысты іспен 42 сотталушыны қылмысты жауапкершіліктен босату туралы үкімін шығарып үлгерген. Ал сотталғандардың бірі өзіне қатысты кешірім жасау актісінің қолданылауына қарсы болып отыр.