$ 486.44  534.31  5.06

«Рахаттанып істейсің, сосын шулатасың»: Нұрлан имам екіқабат қылып тастап кетті деп жылайтын қыздарды сынға алды

Сен өзіңмен-өзің кетіп бара жатсаң ешкім ұстап алып сол жерде екіқабат қылып кетпейді.
Фото: Нартай Аралбайдың сұхбатынан скриншот
Фото: Нартай Аралбайдың сұхбатынан скриншот

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы қоғамда «мені алдап тастап кетті, екіқабат болып қалдым» деп шулататын қыздарды қатты сынға алды. Тіпті әр кінә нәзік жандылардың өзінен дегенді алға тартып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Имамның қыздарды сынға алған бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеода ол "екіқабат қылып тастап кету" сауалына жауап берген. Яғни қыздар түзу жүрсе, жабық киінсе, өздері мүмкіндік бермесе мұндай жағдай болмайды дейді.

"Егер сені көшеде кетіп бара жатқан жеріңнен ұстап алып екіқабат қылса, онда ол еркекті соттату керек, басын жару керек. Ал егер де өзің жүріп, бәрін рахаттанып істеп болғаннан кейін "екіқабат болып қалдым" деп неге жылайсың. Сен өзіңмен-өзің кетіп бара жатсаң ешкім ұстап алып сол жерде екіқабат қылып кетпейді. Тіпті мұндай жағдай болса көшедегі кез-келген қазақтың баласы сен үшін жан береді, құтқаруға тырысады, арашалап қалады. Бірақ өзің барып жігітпен жүресің, сүйісесің, құшақтасасың, жыныстық қатынасқа түсесің. Осыдан кейін қай бетіңмен екіқабат болып қалдым деп шулатасың. Әлбетте ол оңбаған, десе де сен де сау сиырдың боғы емессің. Сондықтан сен өзіңді түзе. Қыздың биік беделі болады. Сол беделді абыроймен ұстасаң ешкім ештеңе істей алмайды. Ал сендер сол беделді жоғалтып қойғансыңдар. Қысқа киініп, барлық жерлеріңді ашып, шешініп дегендей. Жабық жүрген қыздарды кім зорлайды", - деп сынға алады имам.

Бұл бейнежазба көптің көңілінен шыққан сыңайлы. Өйткені оған жазылған пікірлердің басым бөлігі ақыл-кеңестің өте орынды айтылғанын меңзеп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары