$ 498.34  519.72  4.85

Қырғызстандықтар Бішкектегі апаттан қаза тапқан Шераливтер отбасымен қоштасты (ВИДЕО)

Бішкектегі Сокулук ауданы Дача-Суу ауылында ұшақ апатынан қаза тапқан Шераливетер отбасының жаназасы оқылып, бір әулеттің төрт бірдей мүшесі жер қойнына тапсырылды. Отбасының үлкен ұлы жеті жасар Жақшылық қана осынау апаттан аман қалған болатын. Ауыл халқымен бірге ол да ата-анасын және екі қарындасын ақтық сапарға шығарып салды.

Жақшылықтың әкесі Ұларбек пен анасы Ақмарал бір сыныпта оқыған екен, екеуі де небәрі 27 жаста. Қарындастары Сабина 5-те, Айдай 2 жасқа енді ғана толған. Тұл жетім қалған баланы қазір жақын туыстары өздеріне алды.

Айта кетейік, Бішкектің іргесіндегі осынау ауылға 16 қаңтар күні жүк тасмалдаушы Boeing-747 ұшағы құлаған болатын. Салдарынан 38 адам қаза тапты. Олардың басым бөлігі ауыл тұрғындары, 13-і кішкентай балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары