Компания өзіне тиімді келісімшарттарға қол жеткізу үшін еліміздің бірқатар энергетикалық кәсіпорындардың басшыларына ауызбастырық үлестіріпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Ұлыбританиялық көлік құрастыру холдингінің былығын сол елдің Ірі алаяқтық әрекеттермен күрес қызметі ашқан. Яғни, «Роллс Ройс» делдалдар арқылы 6 бірдей елдің энергетикалық компанияларының басшыларына 35 миллион доллардан астам пара берген. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бірақ нақты қандай компаниялар екені құжатта айтылмаған. Осы қылмысты ашуға АҚШ Әділет министрлігі мен Бразилия федералдық прокуратурасы да атсалысқан екен. Ағылшын алпауыты енді үш елдің құқық қорғау органдарына 810 миллион доллардан астам айыппұл төлейтін болды.