$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда 11 жасар бала жоғалып кетті

Алматыда 19 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен 11 жастағы бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz порталына баланың әпкесі Гүлмира Өмірбекова хабарлады.

Азаматұлы Өркен түсте сабақтан қайтып келе жатқан уақытта жоғалып кеткен. Соңғы рет оны сыныптастары көрген екен. Олардың айтуынша, Өркен сағат 13.30 бен 14.00 аралығында сабақтан шығып, Шевченко мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған. Кейіннен ол № 135 автобусқа мініп, үй жағына қарай кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

Өркеннің үстінде қызыл түсті күртке, мектеп формасы және қара көк түсті сөмкесі болған. Бойы - 138-140 сантиметр.

Баланың жоғалып кеткені жайлы Алматы аудандық ІІБ-не сол күні-ақ хабарланған. Өркенді іздестіру жұмыстарына полицейлер мен туыстары қатысып жатыр.

Өркен жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлерге хабарласударыңызды сұрайды:  +7 702 232 2120 (Гүлмира, Өркеннің әпкесі) және  +7 707 658 9183 (Бағдагүл, әжесі).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары