$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда жоғалып кеткен 11 жасар баланың мәйіті табылды

Алматыда осыдан бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 11 жасар Өркен Азаматұлының өлі денесі табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баланың туыстарының айтуынша, марқұмның денесін тәртіп сақшылары бүгін 22 қаңтар күні тапқан.

"Полицейлер түскі уақытта хабарласып, біздің Өркеннің денесін тапқанын хабарлады. Олар баланың неден қайтыс болғанын әлі айтқан жоқ. Біз мәйітті көріп, оның расымен де Өркен екенін таныдық", - деді қайтыс болған баланың Нұрбек есімді ағасы.

Бұған дейін хабарланғандай, 11 жасра оқушы 19 қаңтар күні мектептен үйіне қарай шығып, содан із-түссіз жоғалып кеткен. Өркен сағат 13:30 бен 14:00 аралығында Шевченко-Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы аялдамада болып, №135 автобусқа отырған және үйіне қарай беттеген. Одан кейін баланы көрген-білгендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары