$ 446.49  475.38  4.79

Павлодарда айы-күні жеткен жүкті әйел қатерлі дерттен көз жұмды

Павлодар қалалық №1 ауруханасының босандыру бөлімінің қабылдау бөлмесінде 32 жастағы әйел қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 18 қаңтарда сағат 10.00 шамасында жедел жәрдем қызметіне ер азамат хабарласып, әйелінің халі нашарлағанын айтқан. Жүкті әйел қалалық №1 аурухананың босандыру бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер жарты сағат бойы реанимациялық ем жасаған, алайда нәтиже болмаған.

11.30 шамасында биологиялық өлім тіркелді. Болжам бойынша диагноз - төменгі өкпенің қатерлі ісігі. Нәресте құрсақта қайтыс болды. Облыстың бас акушер-гинекологы Гүлнар Жармакинаның айтуынша, марқұм №4 қалалық емханада қаралып, уақытылы тексерініп жүрген. "Өкінішке орай, жүкті әйелдерде мұндай жағдай болып тұрады", - деді дәрігер.

Дереккөз: tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары