Алмалы аудандық соты 11 жасар оқушы Өркен Азаматұлының өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған оның өгей шешесі Шәрипа Ақбердиеваны 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Сотқа дейінгі тергеу уақыты кезінде ол уақытша ұстау абақтысында болады.
Сондай-ақ, әйелдің ұлы мен қызы да 2 ай қамауда болады. Олар осынау істе басты күдіктілердің қатарында. Ауыр қылмысты жасауға көмектесті деген өзге күдіктілер - Қадыржан Гулямов пен Руслан Муталиев те тергеу кезінде 2 ай абақтыда болады.
Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы - "Адам ұрлау" және "Алдын ала сөз байласып кәмелетке толмаған баланы өлтіру" бойынша іс қозғалды.
Айта кетейік, осы сот отырысы кезінде басты күдікті Шәрипа Ақбердиева баланың өліміне еш қатысы жоқ екенін айтып ақталған болатын.