$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда рақымшылыққа ілінген 25 адам түрмеден бостандыққа шықты

Қазақстанда рақымшылыққа ілінген 25 сотталушы түрмеден шығып үлгерді. Айтулы заң былтыр ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған болатын.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, рақымшылыққа ілінген тағы 14 адамның жазасы жеңілдеп, бостандығы тек шектелген.

"Рақымшылық туралы заң күшіне енгелі бері ел аумағындағы түзету мекемелерінде істерді қайта сотқа жіберу жұмыстары қызу жүріп жатыр. 24 қаңтарға дейінгі мәлімет бойынша, сотқа барлығы 8 мыңнан астам материал қарауға жіберіліп отыр", - дейді ҚАЖК өкілдері.

Осылайша, сотқа қамау орнынан босату, жаза мерзімінің 1/2, 1/4, 1/5 бөлігін қысқарту, қамауды бостандығын шектеуге алмастыру немесе айыппұл төлеу сынды 2 мыңға жуық іс келіп түскен. Ал, қалған 6 мыңдай іс жазасын қоғамнан оқшауламай өтеу және өтелмеген жаза мерзімін қысқартуға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары