$ 498.34  519.72  4.85

Қыдырәлі Болманов "даулы" карикатура авторымен кездеспейтін болып шешті

Қазақстандық танымал әнші Қыдырәлі Болманов карикатурашы Мұрат Дильмановпен кездеспейтін болып шешті деп жазады Tengrinews.kz. Әншінің өкілі Аманбол Абеуовтің айтуынша, бұл кездесудің еш маңызы жоқ.

Бұған дейін Болманов "даулы" карикатураның авторымен үстел басында кездесіп, оны әңгімеге тартқысы келетінін айтқан еді. Алайда, Дильманов ешкімнен кешірім сұрамайтынын айтып, өзінің заң шеңберінен шықпағанын мәлімдеді.

"Даулы" карикатура деп отырғанымыз бет-әлпеті Қыдырәлі Болмановқа ұқсайтын ер азамат пен төсекте жартылай жалаңаш жатқан әйел бейнеленген сурет.

"Егер Дильманов Қыдырәліден кешірім сұрамаса бұл кездесудің не маңызы бар? Алғашқы жоспарымызға сәйкес, біз үстел басына отырып, мән-жайды талқыламақ болғанбыз, бұл кездесудің нәтижелі қорытындысы болуы тиіс еді. Бірақ, бұл азамат барлық телеарналарға сұхбат беріп, карикатура үшін кешірім сұрамайтынын мәлімдеді. Енді бұл оқиғаның нүктесі сотта қойылады", - деді Абеуов.

Ал, карикатурашы Дильманов болса салған суретінде ешкімнің атын атап, түсін түстемегенін тағы қайталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары