$ 498.34  519.72  4.85

Лилия Рах сотта көз жасына ерік берді

Адам ұрлады деген айыппен 7 жылға қамалған танымал қазақстандық сәнгер Лилия Рах бүгін апелляциялық сот отырысы кезінде судьяға өтінішпен шықты. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлап отыр.

Рах өтінішін қағазға жазып алып келген екен. Өзінің туғандарына, сотқа және жәбірленуші Хамро Сувановқа арналған осынау мәтінді ол көзіне жас алып, әзер дегенде оқып шықты.

"Құрметті сот, менің сотталуыма себеп болған жағдайларға байланысты мен мәлімдеме жасауға дайынмын. Құрметті сот, мен сіздің шешімдеріңіздің әділ және заңды екеніне сенемін. Болған жайттардың ешбірін жоққа шығармаймын, мен мәселені заң шеңберінен тыс шешуге талпындым. Мен өз кінәмді мойындаймын және сол үшін осы сотталушылар отыратын жерде отырмын. Мен кеңседе расымен де Сувановтың кредиттік картасын алдым, мен оның зорлық-зомбылық көруін мүлдем қалаған жоқпын және оны тоқтатуға қолымнан келген шараның бәрін қолдандым. Мен өзімнің барлық бағалы заттарымды қайтарып бергендіктен бұл іске деген қызығушылығым қалмады. Бұған дейін бұл адамдардың ешбірін таныған емеспін, тек Мири Пазды ғана танитынмын. Менің ойымша, сот менің әрекетіме әділ бағасын береді. Мен өз әрекетім үшін өкінемін, және Хамроға айтарым, көрген қиындықтарың үшін сенен тағы да кешірім сұраймын. Балаларым бұл сөздерімді тыңдап тұрғаны, аналарының сотталған қылмыскер атанғаны мен үшін өте ұят. Өтінемін, мені бас бостандығымнан айырмаңыздар, мен қоғамға қауіпті адам емеспін, өз қызымды өзім тәрбиелеуіме тағы бір мүмкіндік беріңіздер. Менің отбасым дәл қазір үлкен материалдық қиындықтарды бастан кешіруде", - деп көз жасына ерік берді Лилия Рах сот залында.

Судья Қараманов болса Рах пен оның қорғаушыларның жасаған мәлімдемелері бір-біріне қайшы келетінін айтып өтті. Адвокаттар танмал сәнгердің еш жазығы жоқ екенін, Хамро Сувановпен татуласқанын мәлімдеген еді.

20 қаңтар күні Хамро Суванов медиация арқылы Лилия Рахпен татуласқан болатын. Жәбірленуші Лилия Рахқа ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Естеріңізге салайық, Хамро Суванов 2016 жылы 6 шілде күні Ташкенттен Алматыға келіп, із-түссіз жоғалып кеткен еді. Көршісінің арызынан кейін полицейлер оны тек 27 шілдеде жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты. Белгілі болғандай, Лилия Рах пен екінші айыпты Мири Паз Сувановты ұрлап, бірнеше күн азаптаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары