$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында өлтірілген үш ағайындының бірінің анасы қайғыдан көз жұмды

Күні кеше Алматы облысында мал сатуға шығып ажал құшқан ағайынды үш жігіттің өліміне қатысты апелляциялық сот отырысы өткен болатын. Судья қылмыскерлерге бұған дейін шыққан аса ауыр жазаны өзгерткен жоқ.

Басты айыпты Талғат Сүлейменов өмір бойына бас бостандығынан айрылса, оған көмектескен Мұрат Оңалбаев 25 жылға сотталды. Екеуі де жазаларын қатаң режимдегі түзеу абақтысында өтемек. Ал, Бақыт Байқасымов қылмысқа куә болып, ол туралы ешкімге тіс жармағаны үшін 4 жылға сотталып отыр.

Осынау апелляциялық сот процесі жүріп жатқан сәтте өлтірілген үш ағайындының бірі Жарқынбек Мұқиятұлының қарт анасы қайғыны көтере алмай қайтыс болыпты. КТК телеарнасының хабарлауынша, күні кеше туыстары марқұмның жетісін берген.

Естеріңізге салайық, жантүршігерлік қылмыс 2016 жылдың қыркүйегінде орын алған болатын. 40 бас сиырын сату үшін аудан орталығындағы мал базарына шыққан үш ағайындыны қылмыскерлер алдап, айдалаға апарып атып өлтірген. Мәйіттерін тастанды қораның ішіне жасырыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары