$ 445.66  474.58  4.78

Жаңаөзенде ұлы сабаққа себепсіз бармаған ана жауапқа тартылды

Жаңаөзен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында жергілікті тұрғынның үстінен қозғалған әкімшілік іс қаралды деп жазады Tumba.kz порталы. Әйел жеткіншек ұлының тәрбиесіне қажетті деңгейде көңіл бөлмеген деп айыпталды.

Сот барысында анықталғаны, оның 16 жастағы ұлы Жаңаөзендегі Сервис және жаңа технологиялар колледжінде оқиды екен. Жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері студент еш себепсіз 16 күн сабақтан қалған.

- Сот шешімімен жеткіншектің анасы ҚР Әкімшілік кодексінің 1-бабы бойынша айыпты деп танылып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 10 393 теңге айыппұл салынды, - дейді Жаңаөзен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз хатшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары