$ 498.34  519.72  4.85

Ауғанстанда ұсталған лаңкес Қазақстан азаматы екені анықталды

Ауғанстанда ұсталған ортаазиялық лаңкестің кім екені анықталды деп хабарлайды елдің құқық қорғау органдары. Ал, ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2017 жылдың 19 қаңтарында Сари-Пуль провинциясында ұсталған ұсталған содыр Атырау облысының тумасы болып шықты. Бұған дейін Қазақстан аталған азаматты Интерпол арқылы халықаралық іздеуге жариялаған екен.

"Жергілікті құқық қорғау органдарымен лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматы 1989 жылғы атыраулық Зналиев Дамир Амангелдіұлы ұсталды", - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Айта кетейік, бұған дейін Ауғанстанда қауіпті екі лаңкестің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жергілікті БАҚ өкілдері олардың Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екенін жарыса жазған. Сондай-ақ, оларды ұстау операциясы кезінде Ауғанстанның 4 содыры қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары