$ 498.34  519.72  4.85

Бішкекте құлаған ұшақтың бортында қазақстандық компанияның жүгі болған

Бішкектегі "Манас" әуежайының маңына құлаған ұшақтың бортында қазақстандық компанияға тиесілі электрлі оттықтар болған. Жүктің жалпы салмағы 2 тоннаға жуық деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілердің мәліметіне сәйкес, аталған жүк JTI Kazakhstan LLC компаниясының Қырғызстандағы өкілдігінің тапсырысымен тасымалданған.

Естеріңізге салайық, ұшақ апаты 16 қаңтар күні Бішкек іргесіндегі Дача-Су саяжайында орын алған болатын. Әуежайға қона алмаған "Бойнг" елдімекеннің үстіне құлап, салдарынан 39 адам қаза тапты. Олардың барлығы дерлік ауыл тұрғындары. Тек төртеуі ғана экипаж мүшелері болған. Қаза тапқандардың арасында кішкентай балалар көп.

Құлаған ұшақтың бортында барлығы 76 тонна жүк болған (тұрмыстық техника, ұялы телефондардың аксессуарлары және т.б.).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары