$ 443.35  475.54  4.82

«Білгенін істейтін болыпты»: тойда ойын ойнатқан тамаданы жұрт сынап тастады (видео)

Жігіттер ұсақталып кетіпті.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ер азаматтардың қатысуымен өткен тойдағы ойынның видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды, деп жазады nur.kz. 

Кадрдан ер азаматтардың қатысуымен тойда ойын болғанын аңғару қиын емес.

Роликте жігіттердің жерге жатып алып, ақшаны үрлеп, жарысқаны да көрінеді. Бұны тамашалаған желі оқырмандары ойынның той мәдениетіне сай келмейтінін жарыса жазды.

"Бұндай ойындар тойда ойнатылмау керек", "Той ән мен жырдың, әдемі бидің, жақсы сөздің, жақсы тілектің орны. Тамадаларға осындай ойын ойнатып, артық кетуге болмайды", "Ойынға қатысқан жігіттерді де қолдамаймын. Тамаданың айтқанын істеу бермеу керек", "Ұят болған екен", "Жігіттер ұсақталып кетіпті", "Кейінгі кезде тойдан мәдениет кетті", "Тамадалар білгенін істейтін болған заман" "Тойда үлкен кісілер болады. Балалар отырады. Соны біле тұра осындай ойнату ұяттан безгендік", - деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары