$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да қар бетінен белгісіз мақұлықтың іздері табылды (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысының туристері Сазаната тау шатқалынан белгісіз мақұлықтың алып іздерін тапқанын мәлімдеп отыр. Осынау іздер түсірілген видеоматериалмен Ержігіт Жұмаділ есімді ОҚО тұрғыны өзінің Facebook-парақшасында бөлісті.

«28.01.2017. Сазаната шатқалы. Динозаврға қарай беттегенде мына іздер жоқ еді. Қайтар жолда алып іздерге тап болдық. Мүмкін бұл әлдебір құстың ізі болар» — дейді видео авторы Ержігіт Жұмаділ.

Оның айтуынша, адам мұндай іздерді қанша талпынса да қалдыра алмайды. Өйткені, іздердің арасы 2,5-3 метрді құрайды екен және қар бетінде одан өзге ешқандай белгі де жоқ.

Қазір Facebook пайдаланушылары аталған видеоматериалды қызу талқылап жатыр. Біреулер мұны жақсы ұйымдастырылған әзіл десе, екіншілері Йеті (қар адамы) қалдырған із болуы мүмкін деген болжамдарын айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары