$ 498.34  519.72  4.85

Теміртауда суицид жасаған оқушы қар үстіне қоштасуын жазып кеткен

Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Теміртау қаласында орын алған. 7-сынып оқушысы бес қабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне қол салған. Өлер алдында ол қар үстіне хат жазып, ата-анасымен қоштасып кетіпті.

Қарға жазылған жазбада жеткіншек ата-анасын, бауырларын жақсы көретінін айтқан. Оқиғаның қалай болғанын сол маңда тұратын куәгерлер informburo.kz порталына айтып берді.

Дарья Соболева дүкенде жұмыс істейді. Сол күні ол "Мечта" дәмханасының жанынан өтіп бара жатып, аспаннан жерге ауыр заттың құлағанын естіген. Кейін оның адам екенін байқап, оқиға орнына дереу жетіп барыпты.

"Мен жатқан баланы көрдім, жеткіншек екені байқалды. Ол қозғалып жатты, ауырып жатқаны көрініп тұр. Ыңырсып анасын шақырды. Мен дереу жедел жәрдем шақырдым. Дәрігерлер ұзақ уақыт келмегендей көрінген, бірақ тексергенімізде 10 минутта келгені анықталды", - дейді Дарья Соболева.

Куәгерлер әлі тірі жатқан баладан не болғанын сұраған. Ол болса жаурап жатқанын айтыпты. Сол маңдағы адамдар дереу сырт киімдерін шешіп, оны орап тастапты.

Жедел жәрдем жеткіншекті қалалық ауруханаға жеткізген. Операция жасаған дәрігерлердің айтуынша, бала аса ауыр жарақаттар алған екен. Оның сүйектері сынып, ішкі органдары айтарлықтай зақымданған.

"Науқас бізге аса ауыр халде түсті. Дереу операция жасау керек болды. Операция барысында ол жан тапсырды", - дейді Теміртау қалалық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Данияр Қожабаев.

Жеткіншекің Теміртаудағы №2 орта мектепте оқығаны белгілі. Ол мектепте өте белсенді, үлгерімі жақсы оқушы болған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша бала өзіне қол салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары