$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысында тағы бір үй қирағалы тұр

Қарағанды облысы Шахан елдімекеніндегі қайғылы оқиға ұмытылмай жатып, өңірдегі тағы бір көпқабатты үй қираудың сәл алдында тұр. Күні кеше Ақтас елдімекеніндегі екі қабатты үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді деп жазады Хабар-24.

Тұрғындарының айтуынша, осыдан бір апта бұрын жертөленің қабырғасы құлаған. Одан кейін үйдің қабырғаларында жарық пайда болған. Апатты үйді тұрғындар тек қабырғалардың шықырлаған дыбысынан кейін босатуға мәжбүр болыпты. Қазір жергілікті әкімшілік сарапшылардың қорытындысын күтіп отыр.

Темірбек Мариза, Ақтас елді мекенінің тұрғыны:

- Тамақ ішіп отырдық бәріміз, бала-шағамызбен. Екі балам бар кішкентай. Сол кезде шықыр басталды, еден құлап кетті. Сол кезде мен бала-шағамды алып, далаға жүгіріп шықтым.

Нұрлан Садықов, Ақтас елді мекені әкімінің орынбасары:

- Арнайы мамандандырылған мекеме қазір сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша баспананың апатты немесе апатты емес екендігі анық болады, үй толық босатылды. Әзірге ешкімді кіргізбей отырмыз.

Естеріңізге салайық, қаңтар айының басында Қарағанды облысы Шахтинск қаласының іргесіндегі Шахан ауылында бес қабатты тұрғын үй құлап, салдарынан 9 адам қайтыс болған еді. Апатқа жертөледегі жылыту қазандығының жарылуы себеп болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары