$ 498.34  519.72  4.85

Үйінен $1,2 млн жоғалған қарағандылық ректор бұл ақшаны қайдан алғанын айтып берді

Үйінен қыруар қаржы жоғалған қарағандылық ректор КТК тілшілеріне сұхбат ерді. Ақшамен бірге 23 миллион теңгенің әшекейлері де сұғанақтардың қолында кеткен екен. Бұның барлығы маңдай тер, табан етіммен тапқан ақша деп отыр Орталық Қазақстан академиясының басшысы.

Тілшілермен арнайы кездескен Бақтыбай Жүнісов үйінен ұрланды делінген фаберже жұмыртқасы туралы да айтып берді. Яғни, қызу талқыланған жұмыртқа фаберженікі емес, сол бренд бейнеленген монета екен. Ректордың үйіне түскен 3 ұры өткен айда 10 жылға дейін сотталған болатын. Сұғанақтар 1 миллион 160 мыңды долларлай және талай алтын әшекейді қолды қылған. Бірақ, бұған қынжылып отырған ректор жоқ. Жеке университеті бар Бақтыбай Жүнісов, қазір бірнеше жоғарғы оқу орныменн қатар қонақүйлерді де басқарып отыр.

Бақтыбай Жүнісов, Орталық Қазақстан академиясының ректоры:

Қонақүйлерім, кафелерім бар, оның бәрін елге жайып айта бермеймін ғой. Өзімнің тірлігім. Мен ауылдың баласымын. Маған көктен ештеңе түсіп жатқан жоқ. 2 жылда ғана 30 миллион салық төлеппін, ал менің шаруашылықтарым жаңа санасам 100 милионнан аса салық төлепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары