$ 449.58  486.94  4.86

Көкшетауда денесінің 80%-ын күйік шалған сәби аман қалды

Көкшетауда денесінің 80 пайызын күйік шалып, ауыр халде ауруханада түскен 3 жасар бала аман қалды деп хабарлайды 31-арна. Дәрігерлер 2 жарым ай бұрын кішкентай Нұртастың өміріне араша түсіп, нәтижесінде баланың беті бері қарады. Енді бүлдіршін анасымен бірге үйіне қайтуға дайындалып жатыр.

Ырысгүл Уатқан үшін үш жасар бүлдіршінін қайта тамақтандырып отырғанын сәті аса маңызды. Өйткені, денесінің 80 пайызы мантының суына күйген кішкентай Нұртасты аман алып қалуға әу баста дәрігерлердің өздері күмәнмен қараған еді. Баласының өміріне қатты уайымдаған Ырысгүл Уатқан күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым дейді.

Күйік шалған Нұртас төрт баланың кенжесі екен. Жасалған ем-шара сәтті өтіп, Нұртастың беті бері қарай бастады. Адами қабілеттерден ажырап қалған бүлдіршін өз бетінше жүріп-тұрып, тамақ іше алатындай жағдайға жетті.

ЫРЫСГҮЛ УАТҚАН, Нұртастың анасы:

- Тәубә, кішкене қолға ұстауға келіп, үйге шығуға дайындалып жатырмыз. Алла, одан кейін дәрігерлерге рақметімді айтамын.

Дәрігерлер балаға осы уақытқа дейін үш мәрте ота жасаған. Денесінің сау бөлігінен тері алып кеуде, арқа  және бөксе тұсына жабыстырған. Бала бір жарым айдай жансақтау бөлімінде жатыпты.

Баланың дәрі-дәрмегіне 200 мың теңгедей қаржы кеткен. Шығындарын көтеруге туыс-туғандарынан өзге әріптестері мен Нұртастың бала-бақшасындағы қызметкерлер көмектесіпті. Солардың және дәрігерлердің көмегімен енді 4 күннен соң Нұртас анасымен туған жері Атбасарға оралмақшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары