$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында қарақшылар 86 жастағы әжейді үтікпен күйдіріп, пышақтаған

Алматы облысының полицейлері зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі адамды қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға 2016 жылдың 6 қарашасында Қаратал ауданының Үштөбе қаласында орын алған. Ұсталған екі күдіктінің үлкені 1977 жылғы, кішісі 1995 жылы туған. Қазіргі таңда олар уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Полицейлер анықтағандай, қарақшылар әжейдің үйіне бетперде киіп түскен. Олар 86 жастағы зейнеткердің денесін үтікпен күйдіріп, бірнеше пышақ жарақатын салған екен. Салдарынан қария ауруханаан бір-ақ шықты. Қарақшылар болса үйден 205 мың теңгені алып кеткен.

"Қарақшылық дерегі бойынша қозғалған істі облыстық департамент өз бақылауын алды. Шұғыл іздеу жұмыстары барысында полицейлер күдіктілердің кім екенін анықтап, Үштөбе қаласынан ұстады. Олар қазір жасалған қылмысты мойындап отыр", - делінген ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің бірінің бұған дейін жасалған ауыр қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Қарақшылық қылмыс биыл Талдықорғанда орын алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары