$ 447.4  477.55  4.76

Астанада 4 млрд теңгеге мола салып жатыр

Астанада бюджеттің 4 миллиард теңгесіне мұсылмандар мен христиандар үшін зират салынып жатыр. Өйткені, бас қалада өлілерді көметін жер қалмаған. Сондықтан Елорда әкімдігі орталықтағы моланы жауып, мәйіттерді жаңа бейітте жерлеуді бастамақшы деп жазады КТК.

Ол үшін Көкшетауға шығатын айналма жолдың жанынан 460 гектар жер бөлінген. Молада мұсылмандар мен христиандарға бөлек-бөлек орын беріліпті. Бейітке апарар жол да салынып қойған. Ал марқұмдарды жерлеу осы айда басталмақ. Кейін қоштасу рәсімдерін өткізетін арнайы ғимараттар, жерлеуге қажетті заттар мен гүл сататын дүкендерге дейін салынбақшы. Ол үшін қалалық бюджеттен 2 милиард бөлініп қойған. Қалғаны 2 миллиард теңге кезең-кезеңімен жұмсалмақшы.

Александр Терещенко, Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

- Әзірге жерлеуге бөлінген жердің тек 120 гектарын пайдаланып жатырмыз. Ол шамамен 13 жылға дейін жетуі тиіс. Кейін бұл жерге инвесторлардың көмегімен мешіт пен шіркеу салу жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары