$ 442.05  474.14  4.74

«Омар Жәлел – қауіпті!»: Ахметбек Нұрсила абайтанушыны айыптады

Оның арсыз, анайы сұхбаттарының астындағы комменттерді оқысаңыз, төбе шашыңыз тік тұрады.
Фото: web.archive.org
Фото: web.archive.org

Атышулы Ахметбек Нұрсила абайтанушы Омар Жәлел жастардың санасын улап, қазақ қоғамын іштен ірітіп жатыр деп айыптады, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Омар Жәлел неге қауіпті?

Омар Жанат Қожамжаровтың продюссері болып ж@ләптікті насихаттап жүрсе де, оны пір тұтып, одан сұхбат алғанын қоймай жүрген блогерлер жетеді. Аузынан ана сүті кеппеген 20 дағы жас балалар және кәнігі Нұрсейіт Жылқышыбай сияқты журналистер де бар.

Омар Абай, Шәкәрім, Мәшһүрдің өзінің жаттап алған сөздері арқылы жау жасай алмайтын, қазақ қоғамын іштен іріту сұрқия саясатын ашық жүргізіп келе жатыр.

Омар жайлы фактілерді ( 3-5 әйелді шиттей балаларымен тастап кеткен, ол әйелдер шыдай алмағандары әлеуметтік желігі «Өзіме де балаларыма да қол жұмсаймын» деп жазып та жатыр). 

Ал Омар бір қатыннан екінші қатынға паналап, бұқадай болып семіріп алып, ютуб, инстаграм, ФБ арқылы жастардың саналарын улап жатыр, - деді ол.

Ахметбек Нұрсиланың айтуынша, Омардың арсыз, анайы сұхбаттарының астындағы комменттерді оқысаңыз, төбе шашыңыз тік тұрады.

Оқи отырыңыз: «Связі» мықты екен, Жүрсін Ерман телевизиялық айтысты жаптырып тастады – Ертай Нүсіпжанов

Кей ютуб комментерде «Сіз осы заманның Абайысыз, бізге сіз сияқты Президент керек» деген сөздерді де оқуға болады.

Қазіргі басты ұраны: 
«Ұрлық қыл да мал тап
Ойнас қыл да ұл тап». 

Бұл бұқаны қоғам болып тоқтатпасақ өзі сияқты жас жігіттер әлі талай отбасын ойрандайды!
Кезінде білім, ғылымы дамыған немістерді Гитлер, Геббель, Герингтер қолдары дірілдемей жас балалар мен әйелдерді сарайға кіргізіп, өртеп жіберетіндей жауыз жасап шығарды емес пе!
Омардың арсыз, анайы сұхбаттарының астындағы комменттерді оқысаңыз төбе шашыңыз тік тұрады! - деп жазды ол өзінің facebook-парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары