$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысының бас имамы хиджаппен күрескен мұғалімдерді «білімсіз» деп сөкті

Ақтөбедегі облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан оқу орындарындағы «білімі таяз» қызметкерлерді орамал тағатын студенттерге түсіністікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды «Тілші». Білім беру мекемелеріндегі ішкі ережелерді желеу еткен оқытушылар, бас имамның пайымынша, кей жағдайда «шаш ал десе, бас алады».

Айта кетейік, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті филология факультетінің студенттерімен болған кездесуде бас имамға орамалға қатысты сауал келіп түскен болатын.

«Орамал тағу Аллаһтан парыз болып келген. Алайда, басқа мәселе жоқтай, барлығын бір мәселеге теліп қойған дұрыс емес. Орамал тағудан басқа да парыз көп. Ислам тек бес парызбен шектеліп қалмайды ғой», — дейді ол.

Дегенмен, бас имам қыз балалардың басындағы орамалдың тұрпайы болмау керектігін де ескертті. Ең болмағанда ғаламторға кіріп, орамалды қалай әдемілеп тағуды үйренуге болатынын да жеткізді.

«Әрине, кейде «шаш ал десе, бас алатын» жағдайлар болып тұрады. Білімі таяз қызметкерлер немесе оқытушылар тарапынан кейде артық әрекеттерге жол беріліп жатады. Алайда, білім беруші мен білім алушы арасындағы мәселені дұрыс мәмілемен шешуге болады ғой. Оған түсіністікпен қарау керек», — деді Төлеби Оспан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары