6 ақпанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында 12 пәтерлі екіқабатты үй отқа оранды. Салдарынан 12 отбасы далада қалды деп жазады Хабар-24.
«Алдын ала болжам бойынша, өрт бірінші және екінші қабат арасында шыққан. Тілсіз жау үй шатырын да шарпыған. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен отбасылар уақытша Аягөз қаласындағы қонақүйге орналастырылды», - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 20 өрт сөндіруші мен 3 техника және әскери бөлімнің қызметкерлері жұмылдырылды. Өрт кезінде ғимаратта қалып қойған адамдардың саны нақтыланып жатыр. Әзірге эвакуацияланғандар арасында құрбандар мен жарақат алып, күйік шалғандар жоқ.